Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогикалық факультетінде «Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен, қараша айының 12-16 жұлдызы аралығында «Төл теңгемізге 25 жыл» тақырыбында апталық өткізілді.

12 қараша күні «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» Батыс Қазақстан филиалының «Валюталық операцияларды бақылау» бөлімінің бас маманы-экономист Габдушев Артур «Қаржы» мамандығының 1-4 курс студенттеріне «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі және Ұлттық валютамыз туралы» дәріс оқыды.

13 қараша күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Батыс Қазақстан филиалымен 15 қараша – Ұлттық валюта теңге күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. «Қаржы» мамандығының 1,2 – курс студенттері кафедраның оқытушылары Г.М. Айтмуканова, Д.С.Тогашеваның жетекшілігімен Ұлттық банкінің мұражайына экскурсия жасады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Батыс Қазақстан филиалының «Валюталық операцияларды бақылау» бөлімінің басшысы Альбина Болатқызы «Валюталық реттеу және ваюталық бақылау туралы Заң» тақырыбында дәріс оқыды.

 

14 қараша күні кафедра оқытушысы Г.М. Айтмуканова «Қаржы» мамандығының 1 курс студенттеріне «Экономикалық теория» пәнінен «Қазақстанның төл валютасы – теңге» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

15 қараша күні Ақжайық телеарнасының «Күн шуақ» бағдарламасына кафедраның аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Ш.Д. Салимбаева «Төл теңгемізге 25 жыл» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.

16 қараша күні апталықты қорытындылау, яғни студенттердің ұлттық валютамыз туралы білімдерін тиянақтау мақсатында «Қаржыгер» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі Д.С.Тогашеваның ұйымдастыруымен «Ұлттық теңгеміз мақтанышымыз» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz