2018 жылдың 10 қазанында Тілдер және менеджмент факультетінің студенттерімен БҚО діни мәселелерді зерттеу орталығы мамандарының қатысуымен кездесу болды. Кездесуге БҚО діни мәселелерді зерттеу орталығының психологы А.Кондыкирова және осы орталықтың дінтанушы маманы Д.Мухамбетова қатысты.

Кездесуде Қазақстандағы діни жағдайдың ерекшелігі – діни ағымдардың әр алуандығы, теріс пиғылды діни ағымдар туралы айтылды. Студенттер келген қонақтарға сұрақтар қойып, оған толыққанды жауаптарын алды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz