2018  жылдың 12 қаңтарында тілдер және менеджмент факультетінің «Мәдени-тынығу жұмысы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасында ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинардың жұмысы шеңберінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми зерттеу тақырыптары, шаруашылық келісім-шарттары бойынша аралық есептер мен ғылыми ізденіс  тақырыптарының бағдарламалары мен әдістемелері талқыға салынды. Семинар барысында кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеу тақырыптарының есептері мен ғылыми ізденіс тақырыптарының бағдарламалары мен әдістемелері  тыңдалды.

2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы және “Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту” атты бағдарламалық мақаласын   жүзеге асыру шеңберінде , ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша философия ғылымдарының кандидаты Ж.К.Хайрушин, биология ғылымдарының кандидаты, доцент М.З.Зиналиева, мәдени-тынығу жұмысы бойынша ғылым магистрі, аға оқытушы А.С. Абуова  және басқа да кафедра оқытушылары сөз алып, өздерінің ғылыми есептерін ұсынды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта аспирантурада білімін жалғастырып жатқан кафедраның оқытушылары З.Т. Кубеева мен Ж.А. Калиева аспирантура бойынша есептерін ұсынып, қазіргі кезеңдегі диссертацияларын қорғау, мақалалардың жарық көруіне байланысты туындаған мәселелерге кеңірек тоқталды. Семинарда ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша сөз сөйлеген оқытушыларға жан-жақты сұрақтар қойылып, семинар мазмұнды да қызықты  өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz