2017 жылдың 30 қарашасында Тілдер және менеджмент факультеті студенттерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде барлығы 7 баяндама жасалды, оның ішінде Қазақстанның тәуелсіздікке келген жолы, тәуелсіз Қазақстанның 26 жылда жасаған жетістіктері, негізгі әлеуметтік-экономикалық реформалары, даму стратегиясы, Президенттің белсенділігі арқылы Қазақстанның жеткен жетістіктері айтылды.
Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында дөңгелек үстелдегі баяндамалар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалды. Отырысты тілдер және менеджмент факультетінің деканы Ж.Ж. Жумаев қорытындылап, оқытушылар мен студенттерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.