2016 жылы 20 қаңтарда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогикалық факультетінде студент белсенділерінің аталмыш жоғары оқу орнының ректорымен кездесуі өтті

Университет ректоры, э.ғ.д., профессор Габдуалиева Раушан Смадинқызымен өткен кездесуге оқу  ісі жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Ерназаров Жасқайрат Тлекқабылұлы, ғылыми  істер жөніндегі проректор, х.ғ.д., профессор Бурахта Вера Алексеевна, тәрбие ісі жөніндегі проректор, экология магистрі Абекешов Аянбек Иманбайұлы, аккредитация және стратегиялық даму бөлімінің басшысы, т.ғ.к., доцент Билашев Бауыржан Әкімжанұлы, Педагогикалық факультеттің деканы, х.ғ.к., профессор Джұмақаева Баян Сабырқызы мен  студенттік өзін-өзі басқару бөлімі,  топ басшылары және факультеттің оқу озаттары қатысты.

IMG_7761

Бұл кездесу  диалог түрінде өтті. Студенттік актив мүшелері жоғары оқу орнының әкімшілігіне университеттің ұлттық аккредитациядан өтуі, бітірушілердің жұмысқа орналасуы, студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуі,  студенттердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі және басқа да өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Студенттер өздері  қойған сауалдардың барлығына да қанағаттарлық жауап алды. Соңында студенттік актив мүшесі Буршеков Абай  факультет студенттері атынан осы кездесуді ұйымдастырған жоғары оқу орнының әкімшілігіне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай ашық шараларды өткізіп тұруды ұсынды.

IMG_7687

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.