2022 жылдың 21-23 сәуір күндері 6В01401 – «Дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындау» білім бағдарламасы топтары арасында Қазақ спорт және туризм академиясында (Алматы) «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша XIV республикалық олимпиада өтті.

Еліміздің үздік университеттері қатысқан олимпиада қорытындысы бойынша БҚИТУ-нің 6В01401 – Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенттерінен құрылған команда 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, жеке сайыстар бойынша Аминұлы Ердаулет 2 орын, Ұзақов Нұршат 3 орынды иеленді.

БҚИТУ командасын және оның жетекшісі, аға оқытушы, магистр Рысқалиев Саят Нурболатовичті жеңісімен құттықтаймыз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz