2022 жылдың 5 мамыр күні «ANTIKOR  ORTALYGY» сервистік орталығында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті және «Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшелерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы Р.г. Мұратов, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қаласындағы филиалының өкілі Бауыржан Зәкиұлы Ахметжан қатысты.

Жиының негізгі мақсаты- ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.  

Өз сөзінде, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қаласындағы филиалының өкілі Бауыржан Зәкиұлы, кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп -өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бір осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Р.Г. Мұратов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы айтып, студенттермен құқық бұзушылықтарға тап болған кезде қайда жүгіну керектігі туралы бөлісті.

Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Жастар өз тарапынан клуб жұмысын жандандыру, оқу орнында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру, жастардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмысты одан әрі белсенді түрде жалғастыратындарын жеткізді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыңызды есіңізге саламыз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz