2021-2022 оқу жылының 2 семестрінде Батыс – Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-гуманитарлық факультетінде ПОҚ академиялық ұтқырлық шеңберінде Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Экология және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Наталия Владимировна Веденеева онлайн-форматта  6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының  3 курс студенттеріне 5 кредит көлемінде «Су ресурстарын қорғау» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Дәрістерде су ресурстарына қатысты мәселелер қозғалды, табиғи және сарқынды суларды тазартудың қолданыстағы әдістері, технологиялары мен құрылыстары зерделенді, су көздерін қорғау және молайту мәселелері баяндалды. Студенттер халық шаруашылығының түрлі салаларының суға қажеттілігін анықтау бойынша есептерді орындауды, су ресурстары мен су шаруашылығы баланстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлеу әдістемесін меңгеруді, сондай-ақ табиғи сулардың сарқылуын, қоқыстануын және ластануын болдырмау және олардың сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды үйренді.

Экология және биотехнология кафедрасының студенттері өте танымдық және қызықты дәрістер мен практикалық сабақтарға үлкен қызығушылық танытты!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz