2022 жылдың 26 сәуірінде БҚИТУ, ИГФ-нің экология және биотехнология кафедрасының а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор В.Н. Хон және т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.Б. Ширванов Батыс Қазақстан облысында қалдықтарды басқару жүйесін дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел аясында пластикалық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту мәселелері мен перспективалары, қалдықтарды басқару саласындағы жергілікті қолдау шаралары талқыланды.

Бұл шараны «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы» (Алматы қаласы) «Қалдықтарды бөлек бөл! Бізде басқа планета жоқ!» «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.  Жоба пластиктің пайда болуын болдырмауға және азайтуға, сондай-ақ Қазақстанда пластикалық қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді арттыруға және пластикалық қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу қажеттілігі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Дөңгелек үстел қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды! Владимир Николаевич пен Рашид Булатович өскелең ұрпақтың экологиялық сана-сезімін арттыруда жоғары оқу орындарының рөлі зор екенін айта келе, осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдірді!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz