Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне орай 4 мамыр күні «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушылары мен 1-3 курс студенттері Мәншүк Мәметова мұражайына экскурсия жасап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Студенттер Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың соның ішінде қазақ қыздары Мәншүк, Әлия, Хиуаз ерліктеріне тамсанды, мұндай шаралар өз кезегінде жастарды Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелейді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz