Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 77 жыл. Тарихи мәліметтер бойынша соғысқа барлығы 72 мемлекет қатысып, алпыс миллионнан астам адам ажал құшқан, 110 млн. адам жараланды. Ал соның ішінде 1 200 000 адам қазақстандықтар. Олардың алты жүз мың адамы майданда қаза болды.

9 мамыр – бұл күннің қадір-қасиетін дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау басты парызымыз деп білуіміз қажет. Қан майданда жанын аямай, соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымыздың, сұрапыл жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарған аналарымыздың ерліктері мен қадір-қасиеттері әрбіріміз үшін үлгі-өнеге.

Білім ордамызда Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің әскери ерліктері мен даңқты істері жастарға үздіксіз насихатталып отырылады. 

Осы бағытта 4 мамыр күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай және майдангер ақын, ұстаз Иманбай Әбекешұлын еске алып, «Шежірелі Шалқарым» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар дөңгелек үстелде майдангер ақын Иманбай Әбекешұлының «Шежірелі Шалқарым»  атты кітабының тұсаукесері болды. Кітапты құрастырып, алғы сөзін жазған БҚИТУ профессоры, филология ғылымдарының докторы  Мұрат Бөкенбайұлы Сабыр.

Дөңгелек үстелге ақын Айтқалы Нәріков, тыл ардагері Тәупен Файзуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мурат Әмирханов және оқытушылар мен студенттер қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz