«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің ғылыми-оқу орындары арасында «IV Халықаралық кітап басылымы» жобасын ұйымдастырды.

Инженерлік-гуманитарлық факультеті техника және технологиялар кафедрасының 6В11301- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша III курс студенті Сагидулин Ернар Жеңісұлы қатынасып, ІІ дәрежелі «Үздік студент» дипломымен марапатталды.

«IV халықаралық кітап басылымы» жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін т.ғ.к. Жазықбаева Ғ.М. алғыс хатпен марапатталды.

Студент Сағидулин Ернар мен жетекшісі Ғалия Мұратқызын құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік тілейміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz