2021 жылдың 13 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрістер сериясы аясында «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, дене шынықтыру магистрі Макашев Шынтас Амангелдіұлы «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ спорты: жетістіктері, ерекшеліктері, мәселелері»  атты дәріс оқыды. Дәріс ZOOM форматында өткізілді.

Дәрістің мақсаты Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ спортының жетістіктерін көрсету, насихаттау болып табылады.