Бос лауазымдар тізімі:

  1. Құрылыс және архитектура кафедрасы бойынша – кафедра меңгерушісі -1 мөлшер;
  2. 6В01702-Шетел тілі: екі шетел тілі ББ – аға оқытушы – 7 мөлшер;
  3. 6В02301-Аударма ісі ББ – қауымдастырылған профессор – 1 мөлшер; аға оқытушы – 4 мөлшер;
  4. 6В04106-Қаржы ББ – аға оқытушы – 2 мөлшер;
  5. 6В04105-Есеп және аудит ББ – аға оқытушы – 2 мөлшер;
  6. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ – аға оқытушы – 2 мөлшер; оқытушы – 1 мөлшер;
  7. 6В01703-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті ББ – аға оқытушы – 1 мөлшер; оқытушы – 1 мөлшер;
  8. 6В03201-Кітапхана ісі ББ – аға оқытушы – 1 мөлшер;
  9. 6В01403-Музыкалық білім беру ББ – оқытушы – 2 мөлшер;
  10. 6В01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі ББ – оқытушы – 1 мөлшер;
  11. 6В04102-Экономика ББ – қауымдастырылған профессор – 2 мөлшер; аға оқытушы – 2 мөлшер;
  12. 6В01101 Педагогика және психология ББ – оқытушы – 2 мөлшер.
  13. 6В01401 Дене шынықтыру және спорт ББ – аға оқытушы – 2 мөлшер, оқытушы – 2 мөлшер;
  14. 6В01501 Информатика ББ – аға оқытушы – 1 мөлшер;
  15. 6В12301 Құқық қорғау қызметі ББ – қауымдастырылған профессор – 1 мөлшер; оқытушы – 2 мөлшер.
  16. 6В07301 Архитектура ББ – аға оқытушы – 4 мөлшер;
  17. 6В06104-Есептеуіш техника ББ – аға оқытушы – 7 мөлшер;
  18. 6В07101-Көлік, көліктік техника ББ – қауымдастырылған профессор- 5 мөлшер; аға оқытушы – 2 мөлшер;
  19. 6В07102-Электроэнергетика ББ – қауымдастырылған профессор- 3 мөлшер; аға оқытушы – 2 мөлшер;
  20. 6В07201-Мұнай-газ ісі ББ – профессор-1 мөлшер; қауымдастырылған профессор – 2 мөлшер; аға оқытушы – 6 мөлшер;
  21. 6В04202-Құқықтану ББ – қауымдастырылған профессор-3 мөлшер; аға оқытушы – 2 мөлшер;
  22. Қазақ тілі пәні бойынша – аға оқытушы – 1 мөлшер;
  23. Дене шынықтыру пәні бойынша – аға оқытушы – 2 мөлшер;
  24. Ағылшын пәні бойынша – аға оқытушы – 2 мөлшер;
  25. 6В07501-Стандарттау және сертификаттау ББ –аға оқытушы –2 мөлшер;
  26. 6В11201- Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ББ – аға оқытушы – 2 мөлшер;
  27. 6В07302-Құрылыс ББ – қауымдастырылған профессор – 2 мөлшер; аға оқытушы – 2 мөлшер;
  28. 6В07303-Жерге орналастыру және кадастр ББ – аға оқытушы – 1 мөлшер;
  29. 6В09103-Ветеринария ББ – аға оқытушы – 2 мөлшер;

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Кафедра меңгерушісі – лауазымына жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, не болмаса ғылыми атағы/академиялық дәрежесінің  философия докторы (PhD)/бейіні бойынша докторы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы. Мемлекеттік тілді іскери деңгейде білу.

Профессор – лауазымына жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, не болмаса ғылыми атағы/академиялық дәрежесінің  философия докторы (PhD)/бейіні бойынша докторы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.

Қауымдастырылған профессор – лауазымына жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, не болмаса ғылыми атағы/академиялық дәрежесінің  философия докторы (PhD)/бейіні бойынша докторы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде аға оқытушы қызметінде кем дегенде 3 жыл болуы.

Аға оқытушы – лауазымына тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар және (немесе) оқытушы қызметінде еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе бейін бойынша кемінде 5 жыл практикалық өтілі бар немесе ғылыми дәрежесінің/академиялық дәрежесінің  философия докторы (PhD)/бейіні бойынша докторы болуы.

 Оқытушы – лауазымына тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар немесе жоғары кәсіби білімі болуы.

 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
    өмірбаян;
  2. жоғары немесе жоғары білімнен кейін білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
    медициналық кітапша;
  5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  6. Наркологиялық науқастардың диспансерлік есепте тұрмайтын туралы анықтама;
  7. Психикалық аурулар науқастарының  диспансерлік есепте тұрмайтын туралы;
  8. Жеке куәлік көшірмесі.

БҚИТУ – де қызмет атқаратын және конкурсқа қатысуға және жеке еңбек шартын жасауға  ниет білдірген қызметкерлет университет ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. жеке іс (кадр бөлімінен алынады);
  2. соңғы оқу жылында өткен қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
  4. медициналық кітапша.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – жарнама жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн (2022 жылдың 13 қаңтары сағат 18.00  дейін)

Мекен –жай : 090000 Батыс Қазақстан обылыс, Орал қ, Н. Назарбаева даңғылы 208 үй . Байланыс телефоны: 8(7112) 50-99-90