Құрметті Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері!

Баршаңызды жақындап қалған, жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі. Өткен жыл маңызды оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. Жаңа жыл – өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт.

Жаңа 2022 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін!

 

Ізгі ниетпен,

БҚИТУ ректоры, профессор Габдуалиева Р.С.