Желтоқсанның 10-да Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік салтанатты кеш ұйымдастырылды. Кеште тәуелсіздік тарихы туралы бейнефильм көрсетіліп, патриоттық бағытта әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.

Мерекеде Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық университетінің ректоры Габдуалиева Раушан Смадиновна құттықтау сөз сөйлеп, бір топ оқытушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Кештін екінші бөлімі «Үздіктер мен белсенділер-2021» слетімен жалғасып, озаған студенттерді университет басшылары келесідей номенациялармен марапаттады: «Университет имиджін қолдағаны үшін», «Оқу үздігі», «Жас ғалым», «Жыл студенті», «Спорттағы жетістігі үшін». Барлығы 50-ге жуық студент, сонын ішінде жоғары баллмен оқуға түскен, университет өмірінде ерекше белсенділік танытып жүрген студенттер оқу ақысына жеңілдік беретін сертификаттарға ие болды.

Аталған шараның мақсаты – жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірге деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету болып табылады.