Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 3 курс студенттері есірткі заттарының қоғам арасында тарауы туралы бинарлы ашық сот отырысы сабағын өткізді.

Сот залы процесінде, студенттер өздеріне берілген кейіпкердің болмысын сомдап, есірткі саудасының алдын алу, құрықтау жолдарын анықтауға тырысты.

Ашық сабақ соңында, БҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасында бірнеше жыл қызмет атқарған Р.К. Шаукенов, студенттер тарапынан жүргізілген оқу-жаттығыу жұмысын жоғары бағалап, өз тәжірибесімен бөлісті.