Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға атсалысу, ұтымды термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау, қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті 25 қарашадан 30 қараша аралығында бірнеше кезеңмен өткізген «Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауына БҚИТУ доценті, ф.ғ.к. Абдульманов Алтынбек Абуталиевичтің жетекшілігімен Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы (ОБ) 4-курс студенті Қыстаубаева Аяжан және осы білім бағдарламасы бойынша 2-курс магистранты Ержигитова Гүлден қатысып жақсы нәтиже көрсетті, құзіретті қазылардың алғыс хатына ие болды, ынталандыру сыйлығымен (25 мың ақшалай сыйлық) марапатталды.