“Есеп және қаржы” кафедрасында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдарының бірі ретінде есептік-қаржылық пәндерді интерактивті оқыту белсенді қолданылады.
Тиімді әдістердің бірі – қоғамдық ресурстарды пайдалану (маман шақыру) болып табылады. Сабақ тақырыбына байланысты мамандар әр түрлі мамандықтардың өкілдері болып келеді.
03.12.2021 ж. осы мақсатта шақырылған маманның бірі Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Софья Жаимовна Кинжигареева болды.

Кездесуге «Қаржы» білім бағдарламасының (Ф 321 тобы), «Есеп және аудит» білім бағдарламасының (УА 321 тобы) студенттері қатысты.
Ф 321 топ студенттері «Бюждеттік саясат және бюджеттік жүйе», УА 321 топ студенттері «Мемлекеттік бюджет» пәндерін оқығандықтан, бұл тақырыптағы кездесу өзекті болып саналады. 

Кинжигареева С.Ж. тыңдаушыларды сайлауды дайындау мен өткізуге учаскелік сайлау комиссияларына бөлінген ақшалай қаражатты жұмсау бойынша қаржылық құжаттардың ресімделуімен таныстырды.
С.Ж. Кинжигарееваға студенттер өз сұрақтарын қойды:

Шақырылған маман С.Ж. Кинжигареева интерактивті сабақтың белсенді қатысушысы болды деп есептеуге болады.
Маманды шақырудың пайдалылығы- жаңадан келген қаржыгер немесе бухгалтердің практикалық іс-әрекеттері туралы кім жақсы түсінік бере алады, практикалық тәжірибемен бөлісе алады, практикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі деген сұрақтарға жауап алуымызда болып отыр.

БҚИТУ Ф321, УА 321 топ студенттері, Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Кинжигареева С.Ж., э.ғ.к.,доцент. Курманова Г.К.

Іс шараны «Есеп және қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к. Г.К.Курманова ұйымдастырды.