2021 жылғы 28 қазанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) “Болашақ” қауымдастығымен бірлесіп студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық бұзушылыққа төзбеушілік бағытындағы «Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» атты  дәріс өтті.

         Жиынға  БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы және  «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қаласы филиалының өкілі Ахметжан Бауыржан Зақиұлы және  Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы  Едекешов Амангельді Шарипович қатысты.

        Өз сөзінде, Біржан Марданұлы  студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, парасаттылық, адалдық, жауаптылық және патриотизм қағидаттарын бойына сіңірудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы айтып, студенттермен құқық бұзушылықтарға тап болған кезде қайда жүгіну керектігін айтты.

        Дәріс  барысында студенттер назарына  мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы дайындалып  бейнеролик ұсынылды.

      Тіл басқармасының өкілі Амангельді Шарипович студенттерге жемқорлықтың  зардаптарын түсіндіріп, жастарды пара беру мен алудан аулақ болуға шақырды.  Ал, Бауыржан Зақиұлы студенттерге тәлімді тағылымын айтып, қай кезде де адамгершілік қалыптарын жоғалтпау қажеттігін түсіндірді.

       Кездесу соңында қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы студенттер мен кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз кезегінде жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша өз идеяларымен және ұсыныстарымен алмасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz