Археологиялық экспедиция

   Елбасы Н.Ә.Назарбаеватың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жұмыстары республика деңгейінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы ретте тарих ғылымының рухани жаңғыруға қосар үлесі орасан зор. Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі географиясы» және «Туған жер» бағдарламаларының төңірегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті келелі еңбектер атқаруда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің лицензиясы негізінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің жанынан ашылған Археологиялық орталық біраз уақыттан бері тарихи және мәдени ескерткіштерде археологиялық қазба жүргізіп келеді.

   Осы орайда, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректораты «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты негізінде 2021 жылдың 10-20 қыркүйегі аралығында Теректі ауданындағы Ерсары ауылдық округінде орналасқан Ақмешіт кешенінде археологиялық экспедиция жұмыстарын жүргізу үшінтарих мамандығының білім алушылары мен белгілі археолог-ғалым, доктор PhD М.Д.Калменов аттанды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.