Әлемдік қоғамдастықтағы қазіргі интеграциялық процестер жоғары білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Мұны біртұтас әлемдік білім беру кеңістігінің қалыптасуынан көруімізге болады, ол ең алдымен әлемнің әртүрлі университеттеріндегі білім беру тәсілдерін, стандарттарын, оқу жоспарларын үйлестіруде көрінеді. Соңғы жылдары біздің елімізде жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық алмасуына көп көңіл бөлінуде.

   Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2021 жылдың 19-30 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің  «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Абекешев Аянбек Иманбаевич ағымдағы оқу жылының 2 семестрінде «Туризм тарихы» пәнінен Қазақ спорт және туризм академиясының (Алматы қаласы) «Туризм» мамандығының 1 курс студенттеріне Microsoft Teams платформасында онлайн-форматта дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz