2021 жылдың 10маусым күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқарамасының Татуласу орталығы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университететінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті. Салтанатты шараны университет проректоры Абекешов Аянбек Иманбаевич ашты.
Шараға арнайы қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы Татуласу орталығының басшысы Рахишева Алуа Гильмановна бітістіру тәртібі мен медиация институттарын және дауларды сотқа дейінгі реттеудің басқа институттарын қолдануды дамыту және тарату бойынша тиімді ынтықмақтастықты ұйымдастарудың маңыздылығын, медиацияны дамыту бойынша бірлескен шаралар кешенін жүзеге асыруды, білім беру ұйымдарында бітімгерлік рәсімдерің артықшылықтары мен медиация институты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізудың маңыздығына тоқталды.
Шараға Орал қалалық №2 сотының судьясы Гүлфия Өтегенқызы Батырғалиева, Аудараралық экономикалық мамандандырылған сотының судьясы Алтынай Абубакирқызы Давлетова, Татуласу орталығының психолог маманы Айгерім Мэлсқызы Малахова қатысты.
Шара соңында бітімгерлік институттың мәні мен маңызы білім алушыларға түсіндіру мақсатында бірлескен жұмыстарды айқындайтын университет пен Татуласу орталығының арасында екі жақты келісілген меморандумға қол қойылды.