Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы

   Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дәстүрлі өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізуші базалық жоғары оқу орны болып бекітілді. Осыған байланысты дене шынықтыру және спорт бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарайтын конкурстық комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамында 5 адам. Комиссия отырысында 15 студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары қаралды. Жұмыстар: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал қаласы), Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы (Қостанай қаласы), Қазақ Спорт және Туризм академиясы (Алматы қаласы), Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Шымкент қаласы), Сырдария университетінің (Түркістан қаласы), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,  (Көкшетау қаласы), Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қаласы), Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал қаласы), Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттерінен (Түркістан қаласы) келді.

   Комиссия отырысының шешіміне сай дене шынықтыру және спорт бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты талқылап төмендегідей үздік жұмыстарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне марапаттауға ұсынды:

   І орын. Алимбатыр Сағи Байжомартұлы. Тақырыбы: Жоғарғы оқу орнының оқыту үрдісіндегі инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері. Ғылыми жетекшісі: Дошыбеков А.Б. – Қазақ Спорт және Туризм академиясының доценті,  PhD (Алматы қаласы).

    ІІ орын. Круподеров Александр Викторович. Тақырыбы: Значение лыжного спорта на функциональные показатели организма спортсменов. Ғылыми жетекшісі: Смирнов И.Н. –   Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы, магистр (Көкшетау қаласы).

   ІІорын. Тілек Мерген Оралбайұлы. Тақырыбы: Қазақ күресі – ұлттық спорттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы. Ғылыми жетекшісі: Макашев Ш.А. – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушысы, магистр (Орал қаласы).

   IIІ орын. Ерғалиева Алуа Манарбековна. Тақырыбы: Спорт в жизни людей с органиченными возможностями здоровья в Западно-Казахстанской области. Ғылыми жетекшісі: Испулова Р.Н. – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты (Орал қаласы).

    III орын. Құспанқызы Айбибі. Тақырыбы: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене дайындығының жағдайы мен мәселелері. Ғылыми жетекшісі: Кабидулинов Е.А. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аға оқытушысы (Қостанай қаласы).

   III орын. Толмачев Никита Сергеевич. Тақырыбы: Техническая подготовка юных футболистов. Ғылыми жетекшісі: Уракчинцева Г.В. – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, биология ғылымдарының кандидаты (Орал қаласы).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.