«Әдеби марафон»

   2021 жылдың 10-30 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Ф.М. Достоевскийдің 200 жылдығына арналған Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті ұйымдастырған II Халықаралық «Әдеби марафон» студенттік байқауына қатысты.

   Байқаудың мақсаты-Ф.М.Достоевскийдің шығармашылығына үндеу негізінде қатысушылардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін ашу.

   Байқау қортындысы бойынша университетіміздің студенттері жүлделі орындарға ие болды.

   Пергалиева Айжангүл «Ф. М. Достоевскийдің роман үзіндісін үздік бейне орындау” номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі- п.ғ.к., «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті Абдульманов Алтынбек Абуталиевич.

   П.ғ.к., «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті Выдрина Наталья Алексеевнаның жетекшілігімен студент Жаншеева Гаухар «Ф.М. Достоевскийдің шығармалары бойынша үздік буктрейлер”номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.

   Студент Какимова Айгул «Ф.М. Достоевскийдің роман үзіндісін үздік бейне орындау» номинациясы бойынша II орын үшін жеңімпаз дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Саматова Жанар Мендигереевна.

   Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің ректораты атынан ғылыми жетекшілерге Н.А. Выдрина, Ж.М. Саматова,   А. А. Абдулмановқа студенттерді даярлағаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

   Студенттер мен ғылыми жетекшілерді жеңісімен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.