Ұлы Отан соғысының құрметті ардагерлері мен тыл еңбеккерлері !!! Университетіміздің қадірменді оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері!

   Баршаңызды 9 мамыр –Ұлы жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

   Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев:  «Жеңіс күні – Ұлы мереке. Әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүрудеміз, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырмыз. Қасиетті топырағымыздың 1миллион 800 мыңнан астам ұлдары мен қыздары қан майданда шайқасты. Миллиондаған адам бәрін де майдан үшін, бәрін де жеңіс үшін беріп, бел шешпей еңбек етті» деп атап көрсетті.

   Ағымдағы жылы Ұлы жеңіске 76 жыл толып отыр. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Елге ұйытқы, жас ұрпаққа ақылшы болып отырған ардагер аға-апаларымызды құрметтеу баршамызға ортақ борыш деп білеміз. Сондықтан да біз ардагерлерімізге сый-құрмет көрсетіп, барлық жағдайды жасауымыз қажет.

   Біз осындай қайсар халықтың ұрпағы болғанымызды мақтан етеміз және де Ұлы Жеңіс күні қарсанында баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, мамыражай тірлік, ырыс-береке тілейміз!

Ректорат

https://www.youtube.com/watch?v=HFK5ZQ6Ak3Y

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.