«2021-СЕРІКТЕСТІК АПТАЛЫҒЫНА» ҚАТЫСЫМ

   2021 ж. 26-30 сәуір аралығында Академиялық қызмет департаментінің басшысы С.А. Машанова және академиялық ұтқырлық бойынша үйлестірушілер Б.А. Уразова мен Г.А. Жумагулова Поволжье мемлекеттік Сервис университетінің (Ресей Федерациясы, Тольятти қ.) халықаралық ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырған “2021-Серіктестік апталық” шарасына қатысты. Шара ZOOM платформасын пайдалана отырып, онлайн режимде өткізілді.

   Аталмыш шараны өткізудің мақсаты – қатысушы жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастық жоспарларымен танысу және 2021-2022 оқу жылына арналған бірлескен іс-шараларды анықтау. Үш сессияда Ресей, Қазақстан, Беларусь, Италия және Түркия спикерлерінің баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Қатысушыларға жоғары оқу орындарының тұсаукесерлері және халықаралық ынтымақтастық бөлімдерінің алдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары ұсынылды.

   Екінші сессияда Б.А. Уразованың “Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Халықаралық қатысуымен өтетін негізгі іс-шаралар” және С.А. Машанованың, Г.А. Жұмағұлованың “Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен бірлескен желілік білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндіктері” тақырыбындағы баяндамалары ұсынылды.

  Жұмыс қорытындысы бойынша ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылып, “2021-Серіктестік апталығы”  қатысушыларымен байланыс орнатылды.

БҚИТУ ғылыми бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.