1 мамыр –  достық, бірлік, ынтымақ күні 

    «1 мамыр –  достық, бірлік, ынтымақ күні»  тақырыбында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді.

   Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, өзге ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

   Мерекелік іс-шараны Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев Аянбек Иманбайұлы ашып, қатысушыларды құттықтап, патриоттық рухты арттыру және аға ұрпақты құрметтеу үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

   Сонымен қатар шараға БҚО ҚХА «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Баюканский Феликс Аркадиевич қатысып, Қазақстан халықтар Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жұмысы туралы ақпарат берді. БҚО ҚХА «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Арман Маратұлы Бигалиев «Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ролі» тақырыбында баяндама оқыды.

   Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға шараға қатысқан қонақтар нақты жауап берді.

 

Тәрбие және ұйымдастыру бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.