1 мамыр!

   Құрметті профессорлық-оқытушы құрамы, қызметкерлер мен студенттер, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

 Бірлік – Қазақстан халқының өмірлік кредосы, Себебі, ел бірлігі – біздің ең қасиетті қазынамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегі.

  Достық пен өзара түсіністіктің нышанына айналған бұл мереке Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың біріне айналды.  Ол – әркімге де қымбат және миллиондаған азаматтардың жүрегіне жылы сезім ұялататын мереке.

   Бізде халық бірлігі күні шын мәнінде де қазақстандық патриотизмнің, өз еліне деген сүйіспеншілік пен оған адал берілген­діктің мерекесіне айналды.

   Осы жарқын мереке күні сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен береке тілеймін!  Ол сіздердің үйлеріңізге көптеген қуаныш пен шаттық, ал Отанымызға татулық пен өркендеу әкелсін!

Ізгі ниетпен, БҚИТУ ректоры, профессор  Габдуалиева Р.С.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.