Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай 2021 жылдың 21 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті, педагогика және психология кафедрасы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  Жоғарғы және Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті 26.03.2021 дегі шығыс хаты № 14-2/568-BN  бойынша белгіленген шаралар негізінде педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Францияның  халықаралық  Конкорд академиясының  мүше  корреспонденті Айслу Ахмадиевна Тасимованың  «Педагогика және психология» кафедрасыұстаздары мен  студенттеріне арналған, үздіксіз білім беру жүйесі маман ұстаздары мен зиялы қауымға арналған «Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық мұрасы» тақырыбында онлайн-дәрісі  өткізілді.

  Ы. Алтынсарин -қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен тұлғалық қасиеттері дәріс барысында жан жақты сипатталып, дерек көздері негізінде ағартушылық мұрасы уш тұғырдан ашылды.

   Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді, үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білгендігі насихатталды.

   Сонымен қатар профессор А.А. Тасимова «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жобасының Ақтөбе облысы бойынша орындаушыларының бірі ретінде Ы.Алтынсарин ашқан мектеп,қыздар училищесі мен ағартушылық қызметін зерттеу бағытында Ырғыз ауданына жасалған экспедиция мәліметтерімен де бөлісті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz