БҚИТУ студенттері – педагогика, психология және дефектология бойынша Халықаралық СҒЗЖ байқауының жеңімпаздары

   2021 жылдың 17 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті педагогика және психология мамандығының студенттері Тлешев Аманғали, Жалелова Аймаржан және Уралбаева Дарина, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Халықаралық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына педагогика, психология және дефектология бағыты бойынша қатысты.

  Байқаудың мақсаты – студент жастардың шығармашылық қабілеттерін шындау, тәрбиелеу, болашақ мамандардың кәсіби дайындық деңгейін және олардың дербес зерттеу жұмысы дағдыларын арттыру, ғылым мен білімнің интеграциясын одан әрі дамыту.

   Студент Тлешев Аманғали “Психология бакалаврының үздік ғылыми-зерттеу жұмысы” номинациясы бойынша «Табыстылық» түсінігі және ЖОО студенттерінің Академиялық жетістігінің психологиялық ерекшеліктері» жұмысы үшін II орынға ие болып жеңімпаз дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – психология ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Баймұханова Балжан Қадырғалиқызы.

   Студент Уралбаева Дарина “Психология бакалаврының үздік ғылыми-зерттеу жұмысы” номинациясында жүлдегер атанды және “Орал педагогикалық колледжі оқушыларының үлгісінде жасөспірімдердің этникалық сәйкестілігінің ерекшеліктері” жұмысы үшін дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – психология магистрі, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Султаниязова Насия Жалауовна.

   Психология ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Қадыржанова Жанна Елемесқызының жетекшілігімен студент Жалелова Аймаржан “Ересек адам тұлғасының дамуындағы экзистенциалды дағдарыс” жұмысын орындап, “Психология бойынша бакалаврдың үздік ғылыми-зерттеу жұмысы” номинациясында жүлдегер атанды және дипломмен марапатталды.

   Студенттердің ғылыми жетекшілі Баймұханова Балжан Қадырғалиқызы, Сұлтаниязова Насия Жалауқызы, Қадыржанова Жанна Елемесқызы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті ректоратының алғыс хаттарын алды.

   Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мәртебесін асқақтатып, халықаралық білім додаларында топ жарып жүрген студенттеріміз бен әріптестерімізді  жеңісімен құттықтап, табыстар тілейміз!

                                                             БҚИТУ ректораты

                                                             БҚИТУ жас ғалымдар кеңесі

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.