Қашықтықтан оқыту форматында ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы

2021 жылдың 1-31 наурыз аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде ПОҚ-ның академиялық ұтқырлық шеңберінде Ю. А. атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Экология» кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Веденеева Наталия Владимировна ZOOM платформасында онлайн-форматта 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенттеріне 3 кредит көлемінде «Суды тазалаудың техникасы және технологиясы» пәні бойынша дәрістер және практикалық сабақтар өткізді.

Дәрістерде әр түрлі суларды тазарту туралы жалпы мәліметтер, суды тазарту техникасы және технологиясының негіздері, тазартылған суларға қойылатын талаптар, су тазарту технолияларының физикалық-химиялық негіздері, су тазарту техникалары және әдістерін қолдану аймағы мен қасиеттері т.б. мәселелер қозғалды.

Университет студенттері үлкен танымдық маңызы бар дәрістер мен практикалық сабақтарға қызығушылық танытты!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.