«Қазақ тарихы мәселелерін ұлттық идеология тұрғысынан пайымдау»

   2021 жылдың 26 наурыз күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрістер сериясы аясында т.ғ.к., профессор, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері  С.Б.Құрманалин «Қазақ тарихы мәселелерін ұлттық идеология тұрғысынан пайымдау»  атты дәріс оқыды. Дәріс ZOOM форматында өткізілді. Дәріске 80-нен астам тыңдарман қатысты.

   Дәрістің мақсаты тарихшылардың ғана емес, барша жұрттың, әсіресе, жас ұрпақтың тарихи санасын айқын әрі берік жасау. Әрбір қазақстандықтың бойында ұлттық тарихи білім қалыптастыру. Сондай-ақ ұлттық идеологияны қалыптастыруда тарихтың атқаратын міндетін баса назарға алу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.