Наурыз мейрамы

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі!

Университет ұжымын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметіміз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!!!

 

Ізгі ниетпен, БҚИТУ ректоры

профессор Р.С. Габдуалиева

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.