Ашық есік күні

   22 ақпан 2021 жыл алғаш рет Орал қаласының №2 сотында ашық есік күні онлайн режимінде өтті. Бұл шараға гуманитаралық –заңтану факультетінің 1курс студенттері қатысты. Сот өкілдері студенттерге сот жұмысын ұйымдастыру туралы айтып берді.

   Сонымен қатар олар студенттерге «OpenSpace» принципімен жұмыс жасайтын фронт-кеңсе жұмысын және заманауи аудио-бейнежазба жүйелерімен жабдықталған сот залдарымен таныстырды.

   Одан әрі сәлемдесу сөзімен судья Айнұр Кенжебекова желідегі көрермендерге сөз сөйледі.Судья сөзінен студенттерге соттың онлайн режимінде қалай жұмыс істейтінін, сондай-ақ сот азаматтық іс қозғағанға дейін талап, арыздардың қандай рәсімдерден өткізетіндігін біліп көрді.

   Эфир барысында модератор ретінде соттың БАҚ-пен байланыс жөніндегі бас маман Олеся Ташимова жүргізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.