«Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері» тақырыбындағы онлайн конференция

   2021 жылы 10 ақпан күні сағат 10:00 «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері» тақырыбындағы ZOOM платформасы арқылы онлайн конференция өтті. Конференцияға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысы Р.С.Ақмырзаев, «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.А.Токушев, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Г.А.Сарсенгалиева, БҚО білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаева, БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешев, университетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсенің мүшелері: Э.М.Нургалиева, И.К.Жумагалиев, Б.Т.Халикова, Ш.Е.Нугыманова және                      ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы өкілдері, ЖОО ректорлары мен колледж директорлары қатысты.

   Модератор ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет.

   Өткен шарада «Саналы ұрпақ» пен «Адал ұрпақ» жобаларының жүзеге асырылуы және білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері»  «2020 жылы білім саласын тексеру қорытындылары» «Білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі», «2020/2021 оқу жылындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспардың орындалуы туралы», «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» баяндамалар оқылды. Конференцияға қатысушылар арасында сұрақ-жауап, пікір алмасу өткізілді.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.