БҚИТУ әкімшілігі 1 курс студенттерімен кездесу өткізді

   2021 жылдыңақпан айының 10-12 күндері аралығында ректордың студенттермен жыл сайынғы кездесуі өтті. Кездесуге әкімшілік мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, студенттер қатысты. Бейресми кездесуде студенттер университет ректоры, э.ғ.д., профессор Р.С.Габдуалиеваға, ғылым және халықаралық қатынастар ісі жөніндегі проректоры, х.ғ.д., профессор В.А.Бурахтаға, тәрбие ісі жөніндегі проректоры, экология магистрі А.И.Әбекешевке, факультет декандарына оқу-ісі жүйесіне қатысты, үйірмелер, спорттық секциялар, студенттік қажеттіліктер мен университет өміріне қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты.

   Университет әкімшілігі барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берді. Сонымен қатар осы оқу жылы аясында бірінші семестрде онлайн-оқыту, ұйымдастырылған іс-шаралар жөнінде айтт. Ректор студенттердің белсендіілігі мен бастамаларын жоғары бағалады.

   Айта кету керек, мұндай кездесулер дәстүрге айналып үлгерді. Кездесуге студенттер үлкен қызығушылықпен қатысады, өйткені тікелей басшылықтан сіз барлық қажетті ақпаратты біле аласыз, сұрақтарыңызға сауатты жауап ала аласыз.

   Кездесу соңында университет ректоры студенттерге сұрақтар мен ұсыныстар үшін алғысын білдірді, сонымен қатар олардың тек оқуда ғана емес, университеттің ғылымижұмыстары мен қоғамдық өмірінде белсенді болуларына шақырды. Сондай-ақ, санитарлық нормалар мен гигиенаны сақтау режимін еске салып, пандемияны ортақ күш-жігермен жеңетінімізді айтты.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.