Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жоспарлы сериялы дәрістер

   2021 жылдың 10 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жоспарлы сериялы дәрістер басталды. Бұл шараның бастамасын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Кинжекова Рысқаным Сәлімқызының «Көне түркі мәдениетінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі мәні» атты онлайн дәрісімен басталды. Дәріс  ZOOM форматында өткізілді. Дәріске 100-ге жуық тыңдарман  қатысты.

   Дәріс барысында білім беру ұйымдарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты ұстанымы – заман ағымына лайықты тұлға -тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, прогресс көшіне ілесе алатын, өз ана тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін зиялы тұлға қалыптастыру туралы айтылды. Осыған сәйкес жаһандану заманында болашақ ұрпақтың ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыруға  негізделген рухани-адамгершілік тәрбие беру міндеті күн тәртібінде тұрғандығы айтылды. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда ұлттық идея қажет екені  сөз болды.  Бұл идеяның тірегі ретінде ұлттық тарих, сана-сезім, рух, мәдениет, таным, болмыс дарытуды көне түркі мәдениетімен байланыстыру ұсынылды. Көне түркі жазба ескерткіштері жазбаларын танытуда жас ұрпақтың мақтанар тұсы  көне түркі жұртының  өзге мәдениеттермен қатар тұрып өмір сүрген елдігі, мәдениеті, жазу-сызуы,  тәрбие қағидалары  болғандығы. Орхон ескерткіштерін жастар бойында халық мүдделі сапаларды қалыптастыруға, мінез-құлықты Отанға қызмет етуге бейімдеу мақсаттарында пайдалану керектігі айтылды.

   Орта ғасыр ғұламалары Ж.Баласұғани, М.Қашқари, Қ.Йассауидың тәлім-тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге  түрінде жазылған еңбектеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан талдау жасалды. Аталған еңбектерді оқу процесінде қолдану арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге болады деген оймен қорытты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.