III Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференция

III Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференция

РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАСЫ МЕН БАСҚАРУ

ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

22 желтоқсанда Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің базасында өткен “Ресей экономикасы мен басқару дамуының өзекті мәселелері” атты III Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференцияның тең ұйымдастырушысы болды.

Сонымен қатар, конференцияны Самара мемлекеттік экономикалық университеті, Армавир мемлекеттік педагогикалық университеті, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, Самара мемлекеттік техникалық университеті Сызран қаласындағы филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің ректоры атынан оқу-әдістемелік жұмыс және білім сапасы жөніндегі проректор, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Федерациясының жоғары кәсіби білім беру ісінің құрметті қызметкері Кислова Наталья Николаевна құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста экономика ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Есеп және қаржы кафедрасының доценті Суханбердина Бибігүл Батыркайырқызы «Батыс Қазақстан облысында Шағын кәсіпкерлікті дамытудың ерекшеліктері» баяндамасымен сөз сөйледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.