Тәуелсіздік күні

Құрметті университет оқытушылары, қызметкерлері, магистранттар мен студенттер!

 Баршаңызды ҚР-ның Тәуелсіздік мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздіктің ақ таңының арқасында бүгінгі күннің жетістігіне,  берекелі тұрмысына қол жеткізіп отырмыз.

Тәуелсіздік күні бұл – Қазақстанды жүрегінде сақтап, тарихы мен жетістігін мақтан ететіндердің мерекесі. Сондықтан да қазақ халқының ерен ерлікке толы өткені – Сізді бүгінгі қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға шабыттандырсын, туған жерде бейбітшілік пен келісімді сақтауға жетелесін.

16-желтоқсан барлығымыз үшін мемлекетіміздің егеменді дамуының нышаны іспеттес. Біз өз жолымызды таңдай отырып, отансүйгіштікті, еркіндікті және демократияны басты құндылықтар деп белгіледік.

 Біз, барлық Қазақстандықтар, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімізбен мақтанамыз. Біздің университетіміз уақыттың қатал сынынан мүлтіксіз өтті. Бірнеше ұрпақтың сабақтастығын, үнсіз рухани байланысын сақтап келеді. Университет ұжымының қажырлы еңбегі, терең ойы мен дара таланты ортақ мақтанышымызға айналды. Біздің жетістіктеріміз өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тың күш береді. Келешекте де еліміздің гүлденуі үшін, ғылым мен білімдегі прогресс жолында жаңа игі істермен толысады деп сенеміз.

Баршаңызға денсаулық, бақыт, бейбітшілшік, жайлылық пен жаңа бастамаларыңызда сәттілік тілейміз!

Ректорат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.