2020 жылдың 27 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жылда дәстүр бойынша онлайн форматта «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік кеші салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ туралы бейнефильм көрсетілгеннең кейін, бірінші курс студенттеріне арнап университетіміздің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Габдуалиева құттықтау сөз айтып, білім жолында сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша университетін проректорлар мен декандардын  құттықтауларын тыңдап, бірінші курс студенттері ант берді. Білім кілті мен студенттік билетті университетіміздің оқу және оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т. Ерназаров бірінші курс студенттеріне тапсырды. Концерттік бағдарламада әр факультеттін студенттерінең құралған топ Ұлттық биін ұсынды, вокал әндері шырқалып, күй шырқалды.  «Жаңа толқын» КВН командасы ат салысып, 1 курс студенттеріне өз құттықтауларын жеткізді.

Кеш жоғары деңгейде өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz