Жыл сайын 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні аталып өтеді.

Осыған байланысты 2020 жылдың 16-22 қараша күндер аралығында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу Кампаниясы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 40 астам ақпараттық – ағартушылық сынып сағаттары қашықтықтан өткізіліп, ол шараларға 200 астам студент қатыстырылды

Сонымен қатар БҚО ЖИТС орталығы ұсынған АИТВ–нің алдын алу бойынша ақпаратты университеттің ресми әлеуметтік парақшаларында (Инстаграмм, Фейсбук, т.б.) жарияланды.

Осы бағыта белсенділік танытып, сынып сағаттарды өткізген келесі топ эдвайзерлерін атап өтуге болады: Умбетова Г.М., Оқас М.Т., Гинаятова А.А., Гайнуллина Р.Б., Султаниязова Н.Ж., Дауесова А.Ж., Мукамбеткалиева А.Н., Мақсотова А.Б., Жубантаева А.Н., Досбатырова С.К., Аманова Б.Н., Умерешова С.Г., Беккалиев Н.М., Нугманова Ш.Е.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz