2020 жылдың 20 қарашасында «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму факторлары жүйесіндегі кәсіпкерлік (Батыс Қазақстан және Самара облыстарының материалдары негізінде)» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Конференция Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Есеп және қаржы» кафедрасы мен Самара Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Экономика» кафедрасы арасындағы ынтымақтастық туралы шартты іске асыру аясында өтті.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, х.ғ.д., профессор Вера Алексеевна Бурахта;

Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Экономика» кафедрасының э.ғ.д., профессор Наталья Сергеевна Сахчинская (РФ Самара);

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің«Есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к, доцент Анна Алексеевна Ким;

Кіріспе құттықтау сөз сөйледі.

Модератор: Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Есеп және қаржы» кафедрасының  э.ғ.к., доцент Суханбердина Бибигуль Батыркаировна болды

Конференцияға: БҚИТУ есеп және қаржы кафедрасының э.ғ.к., доценті Суханбердина Бибигуль Батыркаировна, Самара Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры э.ғ.д., Сахчинская Наталья Сергеевна(РФ, Самара),  БҚИТУ есеп және қаржы кафедрасының доценті, э.ғ.к. Манасова Светлана Сагиндыковна, БҚИТУ есеп және қаржы кафедрасының доценті, э.ғ.к. Макашева Жумагуль Жамансаровна, БҚИТУ есеп және қаржы кафедрасының доценті, э.ғ.к. Ерниязов Рустам Айбекович, БҚИТУ есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі, СМЭУ аспиранты Салимбаева Шолпан Дисенбаевна,  БҚИТУ есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Нурманова Айсулу Кайыргалиевна қатысты.

Конференцияға ұсынылған баяндамалар тақырыптарының проблематикасы өзектілігімен ерекшеленді және шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың заманауи аспектілерімен сәйкес келді.

Конференция Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Есеп және қаржы кафедрасы мен Самара Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің экономика кафедрасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz