Ректор блогы

Сіздің сұрақтарыңызға тездетіп жауап беру үшін, мәселенің  мәнін нақты және егжей-тегжейлі  етіп берулеріңізді сұраймыз. Сұрақ қоймас бұрын, жауабын блогтағы мәліметтерден мұқият іздеп көріңіз. Сіздің сұрағыңызға жауап әбден болуы мүмкін  және Сіз қажетті ақпаратты оңай алуыңызға болады.

Төмендегідей сұрақтар қаралмайды:

  • Анонимді, кейбір жағдайларды қоспағанда
  • Ішінде балағат сөздері бар
  • Оқылмайтын мәтін бар және түсініксіз қысқартулар
  • Сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін

Жолдау этика нормаларына, жазу ережелеріне сәйкес  модерацияға ұшырауы мүмкін , тек содан кейін ғана жарияланады.

–  Өтініш мәтінінен жала жабатын, кір келтіретін, қорлайтын, абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін сипаттағы мәліметтер немесе диффамация мақсатында пайдаланылатын мәліметтер, алынып тасталуы мүмкін.

– Өтініш мәтінінен,мынадай мәліметтері бар  құрамдас бөліктері алынып тасталуы мүмкін: әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған; ұлттық, ар-намысы мен қадір-қасиетін немесе азаматтардың діни сезімдерін қорлауға бағытталған; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық басымдықты,насихаттауды немесе үгіттеуді көздейтін; тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, нанымына байланысты кемсітушілікке шақыратын, Республикамыздың  конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға, еліміздің қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, халықтың денсаулығына қауіп келтіретін мәліметтер.

Әдетте, модерация айналысы және аралық жауапты дайындау белгілі бір уақытты алады. Осыған байланысты, бұрын берілген (қайталанатын) өтініштер, немесе орналастырмау себебін, олардың ағымдағы модерация статусын нақтылайтын өтініштер жарияланбауы мүмкін.

Мерзімдері бойынша жедел шешуді талап ететін өтініштер (шұғыл сипаттағы сұрақтар), әсіресе жұмыстан тыс уақытта түскен наразылықтар қабылданбайды .

2 комментария к “Ректор блогы”

  1. Сәлеметсізбе. Менің сізге қойатын сұрағым : БҚИТУ институтында автоматтандыру және басқару мамандығына оқытылама? Және грантқа қанша баллмен түсуге болады код:5в070200

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.