Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен шығармашылық ынтымақтастық жоспарларын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 18 қарашадан бастап ғылымның басым бағыттары бойынша on-line форматта халықаралық конференциялар өткізеді.
2020 жылдың 18 қарашасында БҚИТУ педагогика және психология кафедрасы Самара Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің педагогика және психология кафедрасымен «ХХІ ғасырдағы жоғары білім берудегі жаңа трендтер» атты халықаралық конференция өткізеді.
2020 жылдың 18 қарашасында БҚИТУ тарих және құқық кафедрасы Орынбор өлкесінің негізін қалаушы и.И. Неплюевке арналған “Орынбор – Еуразияның ірі саяси, экономикалық және мәдени орталығы” Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасымен халықаралық конференция өткізеді.
Конференцияға оқытушыларды, магистранттарды, студенттерді қатысуға шақырамыз.
Новые тренды в высшем образовании ХХI века (скачать программу конференции)
Тюркология и монголистика в ХХІ веке: прошлое, настоящее, будущее (скачать программу конференции)