Теолог маманмен кездесу

2020 жылдың 21 қазанында  Гуманитарлық- заңтану факультетінің І курс студенттерінің қатысуымен   Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының  теолог маманы   Турарбеков  Абзал Бейбітұлымен  кездесу өтті.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаты – зайырлылық қағидаттарын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себептері мен зардаптары жөнінде сөз қозғалды. Теолог маманы ислам дінінің тазалығын, бауырмалдылыққа жетелейтінін түсіндіріп өтті.

Абзал Бейбітұлы жастарға діни және зайырлы білімді қатар алудың жолдарын түсіндіріп, қайсысы маңыздырақ екеніне тоқталып өтті және  дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер қарастырылып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.