«Ұстаз-ұлы тұлға»

2020 жылдың 14 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, инженерлік-технологиялық факультетінде ардагер ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау рәсімі өтті.  Бұл шараның мақсаты: студенттерге ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсінуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру болып келеді. Рәсім барысында ардагер ұстаздарды инженерлік-технологиялық факультеттің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары, белсенді студенттермен мекен-жәйларына барып, құттықтап, алғыс хатпен сыйлықтар табысталды. Университет ұжымы басшылығы атынан ардагер ұстаздарға оқу ордамыздың қабырғасындағы білімді маман тәрбиелеу ісіне сіңірген еңбектеріңіз үшін алғыс білдірді. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарына және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне, ерен еңбектеріне рақмет айтуымен қатар, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.