ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЛЫҒЫ

1-қазан күні жылдағы игі дәстүр бойынша елімізде Қарттар күні атап өтілді. Осы бір ерекше мереке аясын кеңейту үшін республикамыздың көптеген өңірлерінде қарияларға жан-жақты көмек, қолдау көрсету мақсатында арнайы апталық, айлық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осыған байланысты «Қайырымдылық айлығы» қайырымдылық акциясы аясында БҚИТУ тілдер және менеджмент факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен 2020 жылдың 12 қазанында қарияларға, ардагерлерге көмек көрсету акциясы өткізілді. Аталған акцияға кафедра оқытушылары Стороженко Наталья Алексеевна, Абуова Жемис Узакбаевна, Тимиргалиев Ильяс Наурзбаевич, магистранттар Төлекбаева Данагүл, Жумағалиева Перизат және студенттер қатысты. Экономика және менеджмент кафедрасының өкілдері тегін бетперде сыйлап шағын көмек көрсетті. Қариялар ерікті жастардың атқарып жүрген ізгі ниетті бастамаларына сәттілік тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.