Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері

2020 жылдың 8 қазанында сағат 11.30-да Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментімен бірлесіп “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері” тақырыбында онлайн іс-шара өткізілді. БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Иманбайұлы Әбекешев шараны ашып, университет көлемінде өткізіліп жатырған жұмыстарды атап өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы осы тақырып бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1 курс студенттеріне дәріс оқыды. Кездесу соңында “Адалдық алаңы” жобасының жетекшісі Нұрғалиева Элионора Маратқызы сөз сөйледі. Дәріс барысында Б.М. Хайрулин Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөніндегі жұмысы туралы айтып, бейнеролик ұсынылды. Оқытушылар мен студенттер сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, оның көріністері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың теріс салдары туралы сұрақтар қойды. Ашық онлайн-іс-шараға БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешев, “Адалдық алаңы” жобасының жетекшісі Э.М.Нұрғалиева, педагогика факультетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша жауаптылар Б.Т.Халикова, инженерлік-технологиялық факультетінен И.К.Жұмағалиев, гуманитарлық-заңтану факультетінен Ш.Е.Нұғманова, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1 курс студенттері қатысты.

 

Ұйымдастыру бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.