Экологиялық слет

2020 жылдың 28 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің базасында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен “Еріктілер жылы” аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша экобелсенділердің, еріктілердің және экологиялық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің экологиялық слетін өткізді.

Экослеттің негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғауға, өзендер мен ормандарды тазалауға, ағаштар отырғызуға, қоқыстарды сұрыптауға бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың бастамашылық еткен “Еріктілер жылы” аясындағы іс-шараларды іске асыру үшін жұртшылықтың кең тобын (экоактивистерді, волонтерлерді, экологиялық ұйымдардың өкілдерін) тарту болып табылады.

Экологиялық слетке Батыс Қазақстан облысының белсенділері, еріктілері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, экологиялық қоғамдық ұйымдар, табиғат пайдаланушылар, журналистер, блогерлер, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты. Экослет барысында “Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері” тақырыбында БҚИТУ, экология және биотехнология кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты В.Н. Хон баяндама жасады.

Экослетке қатысушыларды біздің сүйікті Орал өңірінің бай табиғатының сұлулығын сақтауға және табиғатты қорғаудағы іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырады!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.